222
Дәурен Абаев: Түбі бір түркі жұртына танымал
Дәурен Абаев: Түбі бір түркі жұртына танымал
Баршаңызды елімізде ғана емес, түбі бір түркі жұртына танымал «Túrkistan» халықаралық саяси газетінің шыға бастағанына 25 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақтың көрнекті қаламгері, Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов негізін салған «Túrkistan» газеті заманмен бірге көркейіп, дамып келеді.
Газет жарық көргелі бері жаңғырған, жаңарған ел мен жердің тыныс-тіршілігін назарда ұстап, тәуелсіз елдің саяси, рухани өмірін жан-жақты насихаттап отыр.
Газетте жарияланып жатқан қоғамдық-саяси бағыттағы салмақты сараптамалық материалдар, мемлекет пен халық, ұлт пен тарих, әдебиет пен мәдениет жайындағы танымдық мәні зор мақалалар, ұлтымызға, мемлекетімізге қатысты маңызды ақпараттар – мыңдаған оқырмандар ойынан шығып, халқымыздың қазақтілді басылымдарға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосуда.
«Túrkistan» басылымының ұжымын, қалың оқырмандарын осынау мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға қажымас қайрат, жемісті еңбек тілеймін.