Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді

Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді

Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді
ашық дереккөзі
422
Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24». Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев халық саны миллионнан асатын 3 мегаполис - Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жылына 1000 пәтер салуды тапсырды. Олар, негізінен, жұмысшы жастарға арналмақ. Осылайша, баспанасыз жүрген жас мамандардың мәселесі бірте-бірте шешімін таппақ. Айта кетейік, бұл бастама аталған 3 қалада бастау алғанымен, кейіннен басқа шаһарларда жалғасын таппақ.    Сондай-ақ Президент форумда жастардың үй-жай жағдайын жақсарту мақсатында елімізде арнайы «7-20-25»  бағдарламасының қолға алынғанын атап өтті. Елбасы баспаналы болудың түрлі жолдары қарастырылғанын тілге тиек етіп, тұрғын үйге қол жеткізу үшін тынбай еңбек ету керектігін айтты.  

Серіктес жаңалықтары