ШҚО-да қар көшкіні қаупі күшейді

ШҚО-да қар көшкіні қаупі күшейді

ШҚО-да қар көшкіні қаупі күшейді
ашық дереккөзі
347
ШҚО-да осы аптаның аяғына дейін қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін көшкін қаупі Глубокое, Алтай аудандарында тіркелсе, осы аптада ауқымы кеңейіп отыр. «Өскемен-Северное», «Өскемен-Самар», «Өскемен-Алтай», «Сөгір-Бесүй», «Берел-Рахман» қайнары, «Риддер - Чекмар» кеніші бағытындағы жолдарда көшкін түсетін бөліктер көп. 22-27 қаңтар аралығында таулы жолдарда көшкін қаупі сақталады» делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте. Аталмыш бөліктерде қардың қалыңдығы 30-130 см аралығында. «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары таудағы қардың қалыңдығын сәт сайын өлшеп, мониторинг жүргізуде. Өйткені 4-5 күн бойы жауған қардың соңы жылымыққа ұласады деген болжам бар. Бұған дейін дәл осындай ауа райы Өскемен-Северное бағытындағы жолды қар көшкіні жауып қалуына себепкер болған. Мамандар таулы жолдарда мейлінше абай болу керектігін ескертіп отыр.

Серіктес жаңалықтары