Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді

Жастар жылының логотипі бекітілді
ашық дереккөзі
Жастар жылының логотипі бекітілді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.  23 қаңтарда Астанада Қазақстандағы жастар жылының ресми ашылуы өтеді. Аталған іс-шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды  іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ. Аталған іс-шара үшін арнайы «Жастар жылының» логотипі әзірленді, онда жыл сайынғы көші-қон кезіндегі тырналардың ұшуы көрсетілген. Ұшудың бұл тәсілі- үлкен құстарға энергияны көп қажет ететін қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді. Ұшу барысында әрбір құстың қанатының соңында әуе кептелісі пайда болады, осының арқасында құстар жинақыланып, бірлескен қимылдың арқасында қосымша көтерілу күшіне ие болады. Бірлескен табысты ұшудың негізгі ережесі - топ пен барлық еңбектің нәтижесін қатамасын ететін адал қарым-қатынастар. Аталған бастама жастардың өзара іс-қимылын көрсетудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Тырналар мәңгілік жастық,  бақыт пен сәттілікті бейнелейді. Жастар саясатындағы негізгі жетістіктерге  бірлескен күш-жігерлер, тәжірибе алмасу және жастардың білімі арқылы қол жеткізілді. Авторлар логотиптің түстік гаммасына ерекше көңіл бөлген. Мысалға сары түс - позитивті энергетиканы, мерекені, күннің нұрын, көгілдір түс - кеңшілдікті, шығармашылық әлеует пен достық қарым-қатынасты білдіреді. Көк түс- рухани тазалық мен кемелдікті, қызғылт-сары түс - тұрақтылықтың, қуаныштың, достық қарым-қатынастың символы болып табылады.