Қара теңіздегі өрт

Қара теңізіндегі Керчь бұғазында екі танкер жарылып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша, 11 адам қаза тауып, 8-і із-түзсіз жоғалған. Қалған 12 теңізші құтқарылды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Танзания елінің туы ілінген екі танкерде де 31 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы Түркия мен Үндістан елінің азаматтары. Ресейдің су ресурстарының федералды агенттігі «Канди» мен «Маэстро» кемелері бір-біріне жанармай құйып жатқанда жарылыс болғанын хабарлайды. Қазір агенттіктің құтқарушылары жоғалғандарды іздестіруге кірісті.

Back to top button