Михаил Литвин жүгіруден Қазақстан рекордын орнатты

Михаил Литвин жүгіруден Қазақстан рекордын орнатты

Михаил Литвин жүгіруден Қазақстан рекордын орнатты
ашық дереккөзі
Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың басты жаңалығы – Михаил Литвин орнатқан екі рекорд, деп жазды Olympic.kz. Желаяқ Литвин 400 метрге жүгіруде жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші -  46.26. Бұл – Қазақстанның жабық ғимараттағы жаңа рекорды. Ерлер. 60 метр- Смелык Сергий (Украина) - 6.79 400 метр - Литвин Михаил (Қазақстан) - 46.26 800 метр - Ахмадалиев Хуршид (Өзбекстан) - 1:52.58 3000 метр - Шэдрак Коеч (Қазақстан) - 8:21.82 Кедергілер арқылы жүгіру 60 метр - Чорномаз Богдан (Украина) - 7.88 Сырықпен секіру Полянский Данил (Қазақстан) - 5.35 м. Ұзындыққа секіру Муаммер Демир (Түркия) - 7.37 м. Үш қарғып секіру Агасян Левон (Армения) - 16.63 м. Әйелдер. 60 метр  - Сафронова Ольга (Қазақстан) - 7.36 400 метр - Михина Элина (Қазақстан) - 54.91 Кедергілер арқылы жүгіру 60 метр - Чубковоцова Анна (Украина) - 8.27 Биіктікке секіру Садуллаева Сафина (Узбекистан) - 1.92 м. Сырықпен секіру Иванова Полина (Қазақстан) - 3.90 м. Үш қарғып секіру Эктова Ирина (Қазақстан)- 13.38 м. Эстафета 4х200 Mix 1-орын – Қазақстан құрамасы Команда құрамы: Буланова Анна, Сафронова Ольга, Соколов Данил, Григорьев Владислав.