289
Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" қарыздары жайлы айтты
Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" қарыздары жайлы айтты
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қордың 2018 жылғы қорытындысы бойынша айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол Мемлекет басшысы мақұлдаған "Самұрық-Қазынаның" жаңа 2028 жылға дейінгі стратегияны бекітілгенін мәлімдеді.
"Негізгі көрсеткіш бойынша жоспарлы индикаторларды орындау қаматамасыз етілді. Еншілес компаниялардың қаржылай тұрақтылығы үшін үлкен жұмыс жасалды. Жалпы алғанда бұл группаның қарысыз бір триллион теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Ішкі қарыз 3,2 миллиард долларға қысқарды. Дебиторлық қарыз 331-ден 66 миллиардқа дейін немесе 80 пайызға қысқарды. Негізгі қызмет түрінен түсетін табыс өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға өсті және 8,3 триллион теңге болды", - деді Есімов баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, таза кіріс 37 пайызға өсіп, 820 миллиард теңге болды, ал операциялық табыс бір триллионнан асты.
"ҚазМұнайГаз" еурооблигацияларды 1,6 миллиард доллар қарызын жауып, 3,2 миллиард долларға міндеттерді басқару келісімін сәтті жүргізді. "Самұрық-Энерго" көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарды, компания қарызын 50 миллиард теңгеге қысқартты. Осы шаралар аясында "ҚазМұнайГаз" бен "Самұрық-Энерго"қаржы тәуекелінің қызыл деңгейінен шығарылды. Өткен жылдың басында тәуекел аймағында үш компания болған еді. Ендігіде біреуі ғана қалды", - деді Есімов.