Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті
ашық дереккөзі
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагва шағын құрамда келіссөз өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген мәртебелі мейманды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақорданың ішінде ізетпен қарсы алды. Осыдан кейін Қазақстан Президенті зимбабвелік әріптесін еліміздің Үкімет мүшелерімен, ал Эммерсон Мнангагва делегация құрамымен таныстырды. Келесі кезекте екі елдің мемлекеттік әнұраны орындалды. Қазіргі уақытта Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагваның шағын құрамдағы келіссөзі жабық есік жағдайында өтіп жатыр.