ШҚО-да 400-ден астам жолаушы жолда қалды

ШҚО-да 400-ден астам жолаушы жолда қалды

ШҚО-да 400-ден астам жолаушы жолда қалды
ашық дереккөзі
300
Қаңтардың 20-сы күні қатты боранның салдарынан Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Алматы-Өскемен бағытындағы жолдың 681-шақырымында көліктер кептелісіп, жүре алмай қалған деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай жөніндегі комитеті. 20 қаңтарда түскі сағат 12-ден бастап бұл бағыт бойынша жол жабылған. Комитеттің хабарлауынша, жеті автобус, 45 камаз, 30 жеңіл көлік, сегіз газель жолда қалған. Оларда барлығы шамамен 400-ден астам адам бар. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін оқиға орнына оннан астам қызметкер, бірнеше техника жіберілген. "Бірақ адамдар көліктерін тастап кеткісі келмейді" деп хабарлады ведомство өкілдері. Таскелең ауылындағы Үржар аудандық әкімдігінің "мәдениет үйінде" жолда қалғандарға жылыну орындары ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары