30 мың оқушы ақылы ҰБТ-ға қатысып жатыр

ҰБТ-ның бірінші күні 9 мың бала тест тапсырып жатыр. Қаңтардағы ҰБТ үш күнге жалғасады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді, деп жазды baq.kz.

«Бүгін ҰБТ-ға 9 мың бала қатысып жатыр. Жалпы қаңтардағы тестілеуге 36 мыңнан астам адам қатысады. Олардың ішінде негізгі масса – 11-12 сынып оқушылары. 29926 оқушы тапсырып жатыр. 3 мыңы – басқа мамандыққа ауысқысы келетіндер, 3 мың адам – оқуға шартты түрде қабылданғандар. Олар екі профильді пәннен тапсырады»,  – деді Әлімқұлов.

Ол әр тестілеуде тек қана жаңа тест сұрақтары қолданылатынын айтты.

«Жыл сайын 30-50 пайыз көлемінде тест сұрақтарын жаңартып тұрамыз. Жаңа тест сұрақтарын пайдаланамыз. Ешқандай қайталанбайды», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Back to top button