Астанада қызылша ауруы өршіп тұр

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр
ашық дереккөзі
Жыл басталғалы бері бас қалада 472 адам осы инфекцияны жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір дерт ошақтарында алдын алу шаралары жүріп жатыр. Қызылшаға шалдыққандардың дені – бүлдіршіндер. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – балаларға уақтылы екпе жасамаудың салдары. Оның соңы аса қауіпті ауруларға әкеп соғуы мүмкін. Еліміздің өзге өңірлерінде де жағдай мәз емес. Атырау, Түркістан, Ақмола облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларында вирусты жұқтыру дерегі тіркеліп отыр. «Өткен жылы 576 жағдай тіркелді. Өсу бар. Бірақ локалды өршуі Астанада. Неге десеңіз, бұл қалада екі жыл тіркелген жоқ. Өткен жылы байқалды», – дейді  ҚР Мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.