Әлемнің ең қымбат футболшысы аталды

Әлемнің ең қымбат футболшысы аталды

Әлемнің ең қымбат футболшысы аталды
ашық дереккөзі
KPMG аудиторлық компаниясы Football Benchmark жобасы аясында футболшылардың қазіргі таңдағы трансферлік құнына баға беріп, әлемнің ең қымбат ойыншысын атады, деп хабарлайды  kaz.vesti.kz. Рейтингте бірінші болып тұрған "Пари Сен-Жермена" шабуылшысы Неймар. 2019 жылдың қаңтарында 26 жастағы бразилиялықтың құны 229 миллион еуро болып тұр. Оның командаласы тізімде екінші - 20 жастағы Килиан Мбаппе (215 миллион еуро). "Алтын допты" бес рет иеленген "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси (203,3 миллион еуро) үшінші. Ал "Алтын допты" бес рет иеленген тағы бір футболшы ондыққа кірмеді. Трансферлік құны 107 миллион еуро туриндік "Ювентус" форварды Криштиану Роналду  тізімде 12-ші тұр. KPMG тұжырымы бойынша ең қымбат 10 футболшы:
  1. Неймар (ПСЖ) – 229 миллион еуро;
  2. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 215 миллион;
  3. Лионель Месси ("Барселона") – 203 миллион;
  4. Мохамед Салах ("Ливерпуль") – 168 миллион;
  5. Харри Кейн ("Тоттенхэм") – 151 миллион;
  6. Эден Азар ("Челси") – 148 миллион;
  7. Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити") – 129 миллион;
  8. Антуан Гризманн ("Атлетико" Мадрид) – 126 миллион;
  9. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") – 119 миллион;
  10. Филиппе Коутиньо ("Барселона") – 118 миллион.