16 Қаңтар 2019, 12:37 815 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Семейлік өз пәтерін қоқыс полигонына айналдырған

Семейде өз пәтерін қоқыс аймағына айналдырған тұрғынға сот шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы Қозбағаров көшесіндегі   көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер қоқыс полигонына айналған.  Қала тұрғыны бірнеше жыл бойы  даладағы қатты тұрмыстық, металл, тамақ қалдықтары мен ескірген киім-кешек, қабырға қағаздары мен басқа да заттарды үйіне жинай берген. Тау боп үйілген қоқыс қалдықтардан пәтерге аттап басу мүмкін емес.

Қолқаны қабатын иіс былай тұрсын, лас пәтерде  түрлі жәндіктер мен кеміргіштер көбейіп,  үй тұрғындарының есін шығарған. Себебі, бірінші қабаттағы тарақандар 5-ші қабаттағы пәтерлерді де жаулап алған.  Тұрғындар үй иесін жөнге сала алмаған соң сотқа жүгінген. Азаматтық істі қараған Семей қалалық соты пәтер иесіне шешім күшіне енген күннен бастап 10 күн ішінде үйді қоқыстан босатуға міндеттеді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 4 бабының 2 тармағына сәйкес  (Тұрғын үйлердi пайдалану)тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс»,-деді Семей қалалық сотының  баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар