ҚР Президентінің архивіне 25 жыл толды

ҚР Президентінің архивіне 25 жыл толды

ҚР Президентінің архивіне 25 жыл толды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне 25 жыл толып отыр. Елбасының жарлығымен 1994 жылы 14 қаңтарда құрылған бұл мұрағат қазақ елінің 100 жылдық саяси тарихынан сыр шертеді, деп  хабарлайды  «Хабар 24». Қазіргі кезде мұнда 1 мың 138 қор бар, оның ішінде 3 мың 200 тізімдеме,. 11 мың 500 аудио-визуалды мұрағаттық материал және 1918 жылдан бастап 1998 жылға дейін еліміздің саяси тарихын сипаттайтын 1500-ден астам электронды құжат жинақталған. Егемен Қазақстанның құжаттары – еліміздің қалыптасу тарихы және Республикамыздың тәуелсіздігін айқындайтын құнды жәдігерлер, сонымен қоса мұрағат қорында Қазақстанның мемлекеттік егемендігін қабылдау, Конституциямыз туралы ҚР Жоғары Кеңесінің сессиясындағы Елбасының сөйлеген сөзі, 1991 жылы 10 желтоқсандағы Президенттің ант қабылдағаны және басқа да бірқатар құжаттар сақтаулы тұр. Сондай-ақ Конституцияның түпнұсқасы, Мемлекеттік Рәміздерін қабылдау, ұлттық валютаны енгізу, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Ел Президентінің Жарлықтары және басқа да маңызды құжаттар жинақталған. «Жалпы біздің қужаттарымызды көпшілікке насихаттау мақсатында, содан соң қол жетімділігін жасақтау мақсатында электрондық архив жобасын құруға кірістік. Қазіргі таңда зерттеушілер тек қана біздің оқырман залына келіп жұмыс істеуден тыс, қосымша интернет желісі арқылы, өздері үйде отырып жеке компьютерлері арқылы біздің құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осы жұмыстардың аясында бүгінгі таңда біздің электрондық деректер қорында 106 мыңнан астам деректер, тарихи құжаттар еңгізілген», – дейді  ҚР Президенттік архиві басшысының орынбасары Қайрат Әлімғазинов.