Дәрігерлер Ақтауда инсульт алған сәбиді аман алып қалды

Ақтауда дәрігерлер инсульт алған сәбиді аман алып қалды, деп жазады ҚазАқпарат Лада-ға сілтеме жасап.

2018 жылы туған сәби облыстық балалар ауруханасына аса ауыр халде түскен. Оның инсульт алғаннан кейін ми қан айналымының жұмысы бұзылғаны анықталды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаеваның айтуынша,  бала инсульт алғаннан кейін, оның ми қан айналымының жұмысы қатты бұзылған.

«Ота бір сағатқа созылды. Оны балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов жасады. Дәрігердің айтуынша, ота сәтті өткен. Бірақ, операция күрделі болып саналады. Қазір бала оянды, оны анасы емізіп жатыр», – деп хабарлады Азамат Сәрсенбаев.

Back to top button