11 Қаңтар, 11:33 754 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Қолтырауынды жерлеу рәсіміне 500 адам қатысты

Үндістанда қолтырауынды жерлеу рәсіміне 500 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

Үндістанның Чхаттисгарх елді мекенінде Гангарам атты қолтырауын жергілікті тұрғындардың досына айналған болатын. 130 жасқа толған рептилия кәріліктен «дүние салды».

Тұрғындар қолтырауынды салтанатты түрде жерледі. Өйткені, ол өзі мекендеген бассейнге келгендермен бірге жүзіп жүретін болған.

«Гангараммен бірге тіпті кішкентай балалар да шомыла беретін. Ол ешкімге шабуылдамайтын, қой аузынан шөп алмайтын момын еді. Гангарам қолтырауын емес, біздің досымыз болатын», - дейді жергілікті тұрғындардың бірі Басаван.

Жануар «көзі тірісінде» күрішпен, басқа да дәнді дақылдармен қоректенді.

Елді мекен басшысының айтуынша, қолтырауынды ерекше сүйген тұрғындар оның қабірінің басына ескерткіш орнатпақ.

 

Соңғы жаңалықтар