290
Қазақстанның қарызы азайды
Қазақстанның қарызы азайды
ҚР Ұлттық банкі таратқан ақпаратқа сәйкес, елдің сыртқы қарызы өткен жылдың қазан айғы есебі бойынша 8,6 пайызға азайып, 161,5 млрд долларға дейін төмендеді.
Сыртқы борыштың 63,7 пайызын бұрынғысынша фирмааралық берешек құраса, 25,7 пайыз байланысты емес кредиторлар алдындағы қарыз ретінде тіркелген. Сонымен қатар, 7,1 пайыз мемлекеттік сыртқы борыш, ал 3,5 пайызы «Банк» секторының сыртқы міндеттемелері. Өткен жылдың үш тоқсанында экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы берешегі 3 млрд АҚШ долларына қысқарып отыр. Ал мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен шамамен 453 млн АҚШ долларына қысқарған. Ал фирмааралық берешек мұнай-газ секторындағы ірі компаниялардың шетелдік ұйымдардың еншілес кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн АҚШ долларына азайды.