4 Қаңтар, 15:37 391 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы есепшоты автоматты түрде ашылатын болады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы есеп-шоты автоматты түрде ашылатын болады. Бұл туралы мәліметті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына қатысты келесі жағымды жаңалықтың бірі, жеке зейнетақы есепшотын ашу рәсімі жеңілдетіліп отыр. 2018 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген түзетулер міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған.

Жаңа жарна төлеушілер үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілерге жеке зейнетақы шотын ашу жеңілдетілген.

Қолданыстағы заңға сәйкес, (2018 жылдың 27 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге дейінгі) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғалар жеке зейнетақы есепшотын ашу үшін БЖЗҚ бөлімшелерінің қызметіне жүгініп, өтініш жазатын. Енді жарна төлеушілер үшін, БЖЗҚ-ға түскен алғашқы жарна негізінде автоматты түрде есепшот ашылады.

Бұл «өтінішсіз» механизмі бойынша міндетті зейнетақы жарнасы есебінен жеке зейнетақы есепшотын ашу БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне енгізілген өзгерістер 2019 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асқан сәттен бастап жұмыс істейді.

Бұл орайда жарна төлеушілердің барлық қажетті мағлұматтарын, жеке куәлігінің, тұрақты мекенжайы туралы мәліметтерін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алады.

Соңғы жаңалықтар