4 Қаңтар 2019, 15:04 673 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

БҚО-дағы Зеленов ауданының атауы Бәйтерек болып өзгерді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысына қарасты Зеленов ауданының атауы Бәйтерек деп өзгертілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. 1939 жылы құрылды. Ал 1997 жылдан бастап аудан құрамына бұрынғы Приурал ауданы да қосылды. Аудан орталығы Переметное ауылы Оралдан 38 шақырым жерде орналасқан. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Аудан атауын өзгерту туралы ұсыныс бірнеше жыл бұрын жергілікті мәслихат депутаттары атынан түскен болатын.

Айта кетейік, 2017 жылғы мәлімет бойынша ауданда 56 мыңнан астам адам тұрады. Оған 22 ауылдық округ пен 68 елді мекен кіреді.

Соңғы жаңалықтар