3 Қаңтар 2019, 16:54 916 0 Қауіпсіздік Назым Тойлыбаева

ШҚО-да көлікпен мұз үстіне шыққан балықшы қаза тапты

ШҚО-да мұз ойылып, суға кеткен 3 балықшының біреуі қаза тапты. Оқиға Бұқтырма су қоймасының Күршім ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24» ШҚО ТЖД –на сілтеме жасап.

Оқиға барысында көлікке мінгескен ер адамдар Көкпектіден Күршім жағалауына мұздың үстімен өтпек болған. Жағадан 15 метрге алыстаған кезде мұз ойылып, көлік суға батқан. Сол кезде 1965 және 1973 жылғы ер адамдар көліктен шығып үлгірген, ал 1959 жылғы адам батып бара жатқан көліктен шыға алмай қалды.

Құтқарушылар есігі құлыпталып қалған көлікті тек келесі күні ғана ашып, мәйітті сыртқа алып шықты.

 

Соңғы жаңалықтар