216
Түркияда 1 қаңтардан бастап барлық туристерге қауіпсіздік салығы салынады
Түркияда 1 қаңтардан бастап барлық туристерге қауіпсіздік салығы салынады
Жаңа жылдан бастап Түркия әуежайларынан шығатын жолаушылардың барлығы қауіпсіздік салығын төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған елдегі барлық әуежайларда қауіпсіздік шараларының күшейтілуі себеп. Осыған байланысты үкімет шығынның бір бөлігін жолаушылардан алуға бел буған. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлайды. Жаңа енгізілген салықты Түркия азаматтарымен қоса, ел әуежай қызметін қолданатын барлық мемлекеттен келетін жолаушылар төлеуге міндетті. Алғашқыда «қауіпсіздік салығының» көлемі 3 еуро болған. Алайда, елдегі туристік агенттіктер мен мәдениет және туризм министрлігі араласуымен 1,5 еуроға төмендетілді. Себебі алдағы жылдың туристік топтамалары қазан айынан бастап сатыла бастаған. Аталмыш салық алдын ала ескертілмегендіктен, мұны сатушы туроператорлар төлеуі тиіс.