8 жасар баланың өлімі

8 жасар баланың өлімі

8 жасар баланың өлімі
ашық дереккөзі
АҚШ-тың елге заңсыз өткен мигранттарды ұстау орталығында гватемалалық бала көз жұмды. Америкалық билік өкілдерінің хабарлауынша, 8 жасар бала дүйсенбі күні Нью-Мексико штатының ауруханасына жеткізілген. Қызуы көтеріліп келген науқасқа тұмауға шалдықты деген диагноз қойылған. Жасалған ем-дом шараларына қарамастан, емделушінің жағдайы нашарлап, бір тәулік өткен соң өмірден өтті. Әзірге өлім себебі анықталған жоқ. Бұған дейін мигранттар орталығындағы гватемалалық 7 жасар қыз бала көз жұмған еді. БҰҰ бұл оқиғадан соң жергілікті билікті көші-қон мәртебесіне байланысты балаларды орталыққа көшіру тәжірибесін доғаруға шақырды. Еске сала кетейік, АҚШ-тың әділет министрлігі сәуір айында елге заңсыз өткендерге қарсы «Нөлдік шыдамдылық» саясатын қолданатынын мәлімдеген еді. Ол заң бойынша қолға түскен заңсыз мигранттар темір торға қамалады. Ал балалары арнайы мигранттар орталығына жіберіледі.