475
«ҚАЗАҚТАРДА ЕРКІНДІК СЕЗІЛЕДІ»
«ҚАЗАҚТАРДА ЕРКІНДІК СЕЗІЛЕДІ»
Оңтүстік Кореяның Чжончжу қаласында «Жібек жолында тұратын адамдар» атты фотокөрме ашылды. Жергілікті өнерсүйер қауымның назарына 4 фотосуретшінің туындылары ұсынылып отыр. Олар он күннің ішінде Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанды аралап, жергілікті тұрғындарды түсірген. Фотосуретші Ким Мин Су ертеде Оңтүстік Корея мен Орталық Азияны Ұлы Жібек жолы байланыстырғаны туралы естіп, сол аймақты көргісі келген. Қазақстанға саяхат жасаудың тағы бір себебі ‒ елімізде айтарлықтай корей диаспорасының қоныстанғаны. Фотосуретшінің айтуынша, Қазақстан ‒ шексіз даласы бар гүлденген ел. Ким Мин Суды қазақтың қонақжайлылығы сүйсінткен. «Қазақстандықтар әрдайым ашық-жарқын. Танысып, тілдесуден тартынбайды. Суретке түсуге де келіседі. Кореяда, керісінше, адамдар кадрға кірмеуге тырысады, тіпті артық ауыз сөйлеспейді. Қазақ халқының мінез-құлқында еркіндік сезіледі. Мен жас болсам, Қазақстанда тұрушы едім. Мен үшін бастысы ‒ еркіндік сезімі», ‒ дейді фотосуретші Ким Мин Су.