367
Бабаларды ардақтау –елдік парыз
Бабаларды ардақтау –елдік парыз
2019 жылы «Астана-Көкшетау» тас жолының бойына Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ және Кенесары ханның ескерткіштері қойылады. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.
«Көкшетаудың мәдениет басқармасы Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ және Кенесары хан ескерткіштерінің эскизін қоғамдық кеңес, ақсақалдар мен өлкетанушылар алдында таныстырды», – деп жазды Марат Иғалиев.
Ескерткіштер жобасын жасаған – белгілі мүсінші, 60-тан астам жұмыстың авторы Қазбек Сатыбалдин. Әкім орынбасарының айтуынша, ескерткіштерді 2019 жылдың алғашқы жартысында «Астана-Көкшетау» тас жолының бойына орнату жоспарланып отыр. «Таныстырылымға қатысушылар өз кезегінде бірқатар ұсыныс-ескертпелерін айтты. Олар, мәселен, қоғам қайраткерлерінің есімдерін латын қарпінде жазуды ұсынды», – деді ол.