Өзбекстан «Ашық бюджет» қағидасын қолға алды

Өзбекстан «Ашық бюджет» қағидасын қолға алды

Өзбекстан «Ашық бюджет» қағидасын қолға алды
ашық дереккөзі
Соның негізінде келесі жылдан бастап арнайы ақпараттық портал жұмыс істемек, деп хабарлайды «Хабар 24». Онда бюждет жобасы мен салық саясаты және атқарылған жұмыстар жарияланады. Президент жарлығымен енгізілген механизм негізінде көпшілік күрмеуі қиын мәселелерін тікелей сол парталға жолдай алады. Өзбекстан билігі осылайша, елдегі шешімін күткен көптеген мәселелерді алдын ала біліп отырады. Тіпті егжей-тегжейлі зеттеу де жүргізіледі. Соған қарап қазына қоржыны жасалады. Сондықтан Президенттің өз жұртымен тікелей санасуы көптеген түйткілдің түйінін тарқатып, әрі бюджеттің алдын ала оңай жоспарлануына негіз болады, - дейді Өзбекстан заң шығару палатасының депутаты. «2019 жылдан бастап аудандар мен қалалар өз есебінен тапқан қосымша үнемделген қаржының 10% қоғамдық тыңдаулар негізінде таңдалған күрмеуі қиын мәселелерді шешуге жұмсайды. Бұл өте дұрыс жүйе деп ойлаймын. Себбебі елді мекендердегі қалыптасқан мәселелерді бірінші кезекте шешіп отырсақ. Сонда ғана бюджеттің ашықтық механизімі өз нәтижесін береді», – дейді Өзбекстан Олий Мәжілісі заң шығару палатасының депутаты Жамшид Пирматов.