Маңғыстауда трансформатор зауыты іске қосылды

Маңғыстауда трансформатор зауыты іске қосылды

Маңғыстауда трансформатор зауыты іске қосылды
ашық дереккөзі
Жаңа трансформатор зауыты жылына 4 жарым мың трансформатор құрастыруға қауқарлы. Бұл өңірдің сұранысын толық қамтуға әрі экспорттауға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отандық өнім еліміздегі шикізаттан өндіріледі. Жоба  индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асты. Шығаратын өнім көлемі 6 млрд теңгені құрайды. 150 адам жұмысқа орналасты. Зауыт жоғары технологиялық еуропалық құралдармен жабдықталған. Өндіріс жүйесі автоматтандырылған және компьютерлермен басқарылады. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өз әзірлемелері жолға қойылған, жергілікті жоғары оқу орындарымен және колледждермен заманауи жоғары технологиялық қондырғыларда жұмыс істеу үшін мамандар даярлау бойынша даульді оқыту жүйесі туралы меморандумға қол қойылды. Кәсіпорын басшылығының айтуынша,  кәдімгі трансформаторға қарағанда бетонды қосалқы станцияны көбірек шығару көзделіп отыр. Өйткені, бұл өнім 20 жылға дейін мінсіз қызмет етеді. Басты ерекшелігі - тот баспайды. Дайындалған өнімдер - алдағы күндері өңірді электрмен жабдықтау мекемелеріне, мұнай және құрылыс компанияларына жеткізеді. Зауыт басшылығы болашақта өндірілген өнімнің 50 пайызын Иран, Түрікменстан мен Әзербайжанға экспорттауды жоспарлап отыр.