Қазақстандықтар кредиторларға 6 трлн теңге қарыз

Қазақстандықтар кредиторларға 6 трлн теңге қарыз

Қазақстандықтар кредиторларға 6 трлн теңге қарыз
ашық дереккөзі
Қазақстанда бір адамға есептегенде несиелік жүктеме осы жылы 5 пайызға өсіп, 908 мың теңгені көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, 2018 жылдың қазан айының соңындағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың жеке қарыздарының жиынтық мөлшері 6 трлн теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың басымен салыстырғанда 14,4 пайызға артық. «Жеке несиелердің жартысынан көбі (2018 жылдың қазаны бойынша 53,1 пайызы) тұтынушылық несиелер. Несиенің орташа мөлшері 3,1 пайызға төмендеп, 534 мың теңгені көрсеткен. Бір айыдң ішінде бұл көрсеткіштің 0,9 пайызға төмендегені байқалады. Бұған қоса бір адамға есептегенде несиелік жүктеме осы жылы 5 пайызға өсіп, 908 мың теңгені көрсеткен», - делінген хабарламада. Қарыз беру жағынан банк секторы әлі де көш басында. Қазан айы бойынша берілген жеке несиелердің 91,4 пайызы банк секторының үлесінде. Екінші орында 6 пайыздық көрсеткішпен микроақаржы ұйымдары тұр. Одан кейінгі орынды 2,4 пайыздық көрсеткішпен онлайн-несиелеу алған.