Бойында Арыстың...

Бойында Арыстың...

Бойында Арыстың...
ашық дереккөзі
567
2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Арыс қаласының бюджеті 1 млрд 186 млн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121 пайызға немесе 203 млн теңгеге артық. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді. Оның сөзінше, өнеркәсіп саласында өндірілген жалпы ішкі өнім көлемі 25 млрд 367 млн теңгені құраған. «Арыс қаласында құны 250 млн теңгені құрайтын бір жоба іске қосылып, жаңадан 50 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда жылына 18 млн литр минералды және басқа да алкогольсіз сусындар шығаруға қауқарлы «Арыс минералды су» ЖШС құрылды. Одан бөлек, құны 245 млн теңгелік 4 жоба іске қосылып, нәтижесінде 85 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта құрылыс материалдарын өндіретін өндіріс орындарын қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, шетелдік және жергілікті компаниялар бірлесіп, жылына 12 мың вагон шығаратын зауытты іске қосады», – деді қала басшысы. Түркістан облысындағы бұл қалада 12 млрд 521 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Биыл 22,9 мың гектарға егіс егу жоспарланса, 27,6 мың гектарға дән себіліп, жоспар 120,9 пайызға орындалған. Сондай-ақ, биыл 6 гектар жерге жылыжай салу керек болса, 6,1 гектар жерге жылыжай салынып жоспар артығымен орындалған. Ал жыл басынан бері Арыс қаласына тартылған инвестиция көлемі 6 млрд 108 млн теңгені құраған.

Серіктес жаңалықтары