Еселенген ырыс

Еселенген ырыс

Еселенген ырыс
ашық дереккөзі
395
2018 жылдың 11 айы ішінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ таяу және алыс шет мемлекеттерге 401,6 мың тонна майлы және дәнді дақыл экспорттады. Ұлттық компания өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, биыл экспорт көлемі маусым аралық кезеңде  интервенциялық қордан астықтың сатылуына және бидайдың Түркіменстанға және Күнгей Кавказ елдеріне жеткізілуі қайта жандануына байланысты ұлғайды. Атап өтсек осы уақыт аралығында Күнгей Кавказ елдеріне 145,1 мың тонна астық, Орта Азияға  126,4 мың тонна астық, Иранға 110,6 мың тонна арпа, Қытайға 19 мың тонна астық және 417,2 тонна күнбағыс майы жеткізіліп отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда едәуір көп. «Ақ Бидай – Терминалы» АҚ биылғы 11 ай ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша Ақтау қаласындағы порттың астық терминалы арқылы 712,9 мың тонна астық тасымалданған. 2017 жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіш бойынша 400 мың тонна астық экспортталды. «Биылғы жылы көрсеткіш дәнді дақыл экспортының артуына байланысты ұлғайды. Астықты тасымалдауда Каспий өңіріндегі негізгі бағыт – Иран Ислам Республикасы», – дейді Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы өкілдері. Сонымен қатар, жоғары көрсеткіштерге жағымды табиғи-климаттық жағдайлар, Ақтау қаласының теңіз портындағы бос сыйымдылықтардың болуы және астық тасымалдайтын вагондарды орналастыратын қосымша орындар есебінен қол жеткізілген.  «Астық қоймалары» астық базалары 300 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақыл қабылдады. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында жергілікті астық базаларында 311,2 мың тонна астық және майлы дақыл қабылданды. Нақтылай айтсақ, 304,4 мың тонна астық және 6,8 мың тонна майлы дақыл.

Серіктес жаңалықтары