МСҚ алматылық клиникаларға 85 млрд теңге төледі

МСҚ алматылық клиникаларға 85 млрд теңге төледі

МСҚ алматылық клиникаларға 85 млрд теңге төледі
ашық дереккөзі
298
Медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері халыққа тегін медициналық қызмет көрсеткен алматылық клиникаларға 85 млрд теңгеге жуық қаржы төледі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады. Айтуынша, оның 24 млрд теңгесі стационарлық көмекке, 18 млрд теңгесі емханалық-амбулаторлық көмекке, қалған 15 млрд теңгеге жуығы жоғары технологиялы медициналық қызметтер үшін төленген. Жалпы, Медициналық сақтандыру қоры оңтүстік астаналық 171 емдеу мекемесімен 99,5 млрд теңгеге келісімшарт бекіткен. Соның ішінде, мемлекеттік тапсырыстың 30 пайызға жуығы жеке меншік клиникаларға беріліп отыр. «Жеке меншік клиникалар бізбен жұмыс істеуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Біздің ендігі міндетіміз – азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне мүмкіндік беріп, оң нәтижелерді сезінуіне толық жағдай жасау», - деді Алматы филиалы директоры.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Алматы қалалық филиалының Халықты ақпараттандыру бөлімі

Серіктес жаңалықтары