Жолдау – жарқын болашақ кепілі

Жолдау – жарқын болашақ кепілі

Жолдау – жарқын болашақ кепілі
ашық дереккөзі
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы көптің көңілінен шығуда. Мемлекеттің ең басты байлығы адам екендігі жолдау мазмұнынан менмұндалап тұр. Аталған жолдау арқылы Елбасы Қазақстан халқының тұрмыс-жағдайын жақсартудың нақтылы әлеуметтік шараларын бастады. Білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы сынды адам капиталын инвестициялауға жасалған шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз. Үкімет қызметінің адамды дамытуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы назар аударуға тұрарлық әрі құптарлық іс. Қазақстан халқы барлық этностың басын қосқан, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын барынша сақтауды көздейді. Елбасы отбасы мен жастар мәселесі, табыс табу деңгейі, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы мен экология сияқты өзекті түйткілдерге тоқталды. Берілген тапсырма мен қойылған меже үндессе, аталған жолдау қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың жаһандық стратегиясын білдіреді деп нық сеніммен айтуға болады. Нұрсұлтан Әбішұлы осы жолғы Жолдауында жұрттың қызығушылығын тудырып, өңірлердің ілгері басуына ықпал ететін мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Қазақ­станның экономикасы қарқынды дамып келеді. Қазба байлықтарды, шикізатты экспортқа шығаруға емес, жаңа технологияларды пайдалануға, керекті өнімдерді елдің өзінде өндіруге, сыртқа дайын заттарды шығаруға басымдық берілмек. Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға қаржы қарастыру тапсырылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндеті жүктелді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің импортын 2,5 есе азайту дегенді білдіреді. Жолдаудың ең ұнаған бөлігі – «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының екінші тынысының ашылғаны. Біріншісі – көлік инфрақұрылымын дамыту, екіншісі – коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы құрылысын кеңейту. Көпқырлылығымен аталған жолдау бұрынғылардан тым бөлек, ерек болды. Ендігі қалғаны ерінбей еңбек ету ғана.  

Мұхтар Әлтаев,

«Балбұлақ» РБОО директоры