Партиялық марапаттар иесін тапты

Партиялық марапаттар иесін тапты

Партиялық марапаттар иесін тапты
ашық дереккөзі
282
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында белсенділігімен көзге түскен қызметкерлер мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды. Салтанатты іс-шараға партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты. Марапат иелерін қуаныштарымен құттықтаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңызына назар аударды. Сондай-ақ, ол егемендіктің 27 жылында еліміздің барлық салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін, Елбасы саясатының арқасында Қазақстанның алпауыт елдермен терезесі тең, әлемдік қауымдастықта абырой-беделге ие мемлекет болып қалыптасқанын айтты. Осы игілікті істердің барлығында «Нұр Отан» партиясы Елбасының сенімді тірегі ретінде үнемі Президенттің жанынан табылғанына да тоқталып өтті. «Елбасының елді биіктерге бастаған стратегиялық саясатын жүзеге асыруда және тәуелсіздікті нығайтуда «Нұр Отан» партиясы да өзінің үлесін қосып келеді. Келесі жылы партиямыздың 20 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт аралығында Мемлекет басшысының барлық бастамаларын жүзеге асыру жолында партия айтарлықтай жұмыстар атқарды. Сондықтан тәуелсіздіктің қалыптасып, нығаюына біздің партия мүшелері де зор еңбек сіңірді деп айтуға толық негіз бар», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар, партия Төрағасының Бірінші орынбасары алда әлі талай мақсат-міндеттер бар екенін айтып, елдің іргесін одан әрі бекітіп, тәуелсіздігімізді қорғау үшін әр қазақстандық талмай еңбек ету керектігін тілге тиек етті және салтанатты іс-шараға қатысушыларды қастерлі де қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтады. Іс-шара барысында Тәуелсіздік күніне орай, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосып, табандылығымен танылған «нұротандықтар» мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды. Жалпы, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен – 61, «Құрмет» грамотасымен 111 нұротандық марапатталды. Олардың қатарында Мәжіліс депутаттары, Орталық аппарат пен партия тарапынан құрылған мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ, аймақтық және аумақтық партия филиалдарының өкілдері бар.

Серіктес жаңалықтары