29 Қараша 2018, 11:36 565 0 Білім "Түркістан" газетінің авторлары

ҚазҰУ-да "Ұлы даланың жеті қыры" атты экспозиция ашылды

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Перзиденті Күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әл-Фараби кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-көркем экспозицияның ашылуы өтті.

Бұл экспозиция Елбасының мақаласында атап өтілген ата-бабаларымыздың озық технологияларын куәландыратын қазақтардың тарихи мұрасының барлық жеті символын бейнелейді. Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнер ескерткіштерінің көшірмелері мен Қазақстанның ежелгі тарихының түрлі кезеңдеріндегі археологиялық олжалар таныстырылған, атап айтқанда Күлтегіннің бейнелері, «Көк бөрі», Тоньюкук ежелгі түрік жазбалары, Аралтөбенің сармат дәуіріндегі «Алтын адам» бейнесі және басқа экспонаттар.

Қазақстанда алғаш рет көрсетілген Хуннулардың бірегей алфавиті экспозицияның сенсациялық экспонаты саналады. 136 әріптен тұратын алфавит Қытай ғалымдарымен Венгрия, Германия, Болгария, Қытай, Норвегия, Моңғолия мен Ресейден әртүрлі жылдарда табылған археологиялық олжалар негізінде қайта қалпына келтірілген.

Ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі Ұлы даланың тарихын көрсететін «Ұлы даланың жеті қыры» экспозициясы университеттегі «Қазақ елі» тарихи-көркемөнер кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Алаш мұраты» атты келесі демонстрациялық залы ХХ ғасыр басында қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресінің негізгі кезеңдерін бейнелейді. Ал, «Мәңгілік Ел» атты көркемдік панорамасында қазақ халқының Президентпен бірлесе отырып ғасырлар бойғы аңсаған тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізу туралы арманының жүзеге асырылуын көрсететін тарихи бейнелер мен заманауи шындықтар келтірілген.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-көркем экспозициясының ашылу салтанатына көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері, Алматы қаласы әкімдігі мен БАҚ өкілдері, белгілі ғалымдар, сондай-ақ «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық VI патриоттық жастар форумына еліміздің 70 жоғары оқу орнынан келген 500-ден астам студент қатысты. Сонымен бірге форум аясында «Ұлы дала жастары» атты конференция өткізілді.

Нұргүл Тоқсанбаева,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

профессор

Соңғы жаңалықтар