303
Студенттер жатақханасы – партия назарында
Студенттер жатақханасы – партия назарында
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында сенатор Бақытжан Жұмағұловтың төрағалық етуімен «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты Қазақстан Президентінің үшінші бастамасын іске асыруды бақылау бойынша Республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес төрағасы іс-шараны аша отырып, Елбасы мемлекеттің негізгі саяси күшіне Бес әлеуметтік бастаманың орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырғанын, осы орайда ол нұротандықтар өткізген мониторинг түйткілді мәселелер қатарын анықтады деп атап өтті. Атап айтқанда, елдегі бүкіл тұрғын үйге деген студенттердің қажеттілігін орындау үшін жатақханада 90 мыңнан астам орын керек.
Бақытжан Жұмағұлов 2019 жылдан бастап 2022 жылдың соңына дейінгі кезеңде студенттер, магистранттар мен докторанттардың студенттік жатақханада тұруы үшін 75 мыңға жуық орын беру жоспарланып отырғандығын атап өтті. Білім беру ұйымы 26 жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап қойған, 57 ғимараттың ЖСҚ әзірлену үстінде.
Сондай-ақ, Бақытжан Жұмағұлов бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен 7 ЖОО, 1 колледж және 2 компания арасында студенттік жатақхананың құрылысына 10 келісімшартқа қол қойылғандығын хабарлады. «17 аймақтың ішінен 13-і студент жастар үшін жатақхана салуға мемлекеттік тапсырыстың келісімшартына қол қоюға өтініш жіберілді. Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан өтініш түспеді», – деп атап өтті Бақытжан Жұмағұлов.
Сонымен қатар, шұғыл шешімді талап ететін негізгі мәселелердің бірі жатақхана құрылысы үшін инвестор іздеу мен тарту болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі барынша ойға қонымды деп айтуға болады. Сондай-ақ, сенатордың айтуынша, құрылысты нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, жатақханада орын үлестіру мен қаржыландыру тәртібі бойынша мәселелер соңына дейін шешілген жоқ.
Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова атап өткендей, 10 жылдық кезеңде бүкіл жобаларды іске асыруға 152,8 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылса, соның ішінде, алдағы 3 жылға 151 млрд теңге қарастырылған. «171 жер телімі бөлінген, оның 122-сі білім ұйымдарына тиесілі, 49 телімді әкімдіктер ұсынған. Сонымен бірге, аймақтарға осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Мысалы, бүгінгі күннің өзінде Астана қаласында 12 телім бөлінген, алайда әлі 9 телім бөлу қажет. Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының әкімдіктеріне 1 телімнен қосымша анықтау қажет», – деді ол.
Бибігүл Асылова кестеге сәйкес 2019 жылдың соңына дейін 5 мың орын енгізу жоспарланып отырғанын нақтылап өтті. Астана, Алматы, Шымкент және Шығыс Қазақстан облыстарының оқу мекемелерімен 10 келісімшарт жасалып үлгерді. 3226 орынға 8 өтініш қарастырылуда. Жалпы, жасалған келісімшарттар мен алынған өтініштер есебінен 2019 жылы 4 482 орын беру жоспарланып отыр. Қалған 518 орын бойынша жұмыс жалғасатын болады.
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ басшысы Асқар Ибраимов жақын уақытта Мемлекеттік тапсырысты орналастыру ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отырғандығын айтты. Бұл шаралар қажет болған жағдайда 50 жылдан астам уақыт қолданыстағы қосымша нысандардың өтініш мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады. Оларды 20 жылдан астам келешектегі қызметтің талаптарына сәйкестігі кезінде жатақхана ретінде пайдалануға беру мүмкіндігі қарастырылуда. Мәселенің осы бөлігіндегі барлық жаңа енгізілімдері ҰЭМ Құрылыс бойынша комитетімен келісілетін болады.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда бизнестің Жол картасын 2025 жылға дейін ұзарту аясында жатақхананы салушылардың банк кредиттерін субсидиялау мәселесі жандандырылды. Сәйкес ұсыныс Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді. Жатақханадағы орындармен қамтамасыз ету жағдайы туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали мен Астана қаласы Білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Гүлжан Айтжанова баяндады. Ақмола облысы әкімдігінің деректері бойынша, бүгінгі таңда аймақтағы ЖОО мен колледждерде 25 мыңнан астам студент білім алады, олардың ішінде 3 мыңға жуығы жатақханаға мұқтаж. «Көкшетауда екі ЖОО мен төрт колледж үшін студенттер жатақханасының құрылысы жоспарлануда. Колледждер үшін жатақхана құрылысына арнап ЖСҚ әзірлеуге Құрылыс басқармасы облыстық бюджетінен 100 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ, 2019 жылғы бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге 60 млн теңге қарастырылған», – деді Марат Иғали.
Ал Астанада қаладағы техникалық және кәсіби білім беру қызметтерін 35 колледж ұсынатын, солардың ішінен: мемлекеттік – 12, жекеменшік – 23. Гүлжан Айтжанова айтқандай, қаладағы колледждер мен ЖОО үшін 17120 орынға жатақхана құрылысына қажеттілік анықталды. «Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледж студенттерінің тұруы үшін қосымша қаладағы хостелдер нарығы арасынан іріктеу жүргізілді. 2018 жылы бюджеттен 860 студент үшін 75,6 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 11 колледждің студенттерін орналастыру үшін кәсіпкерліктермен келісімшарт жасалды. Ағымдағы жылы мемлекеттік колледждер бойынша қажеттілік жабылды», – деп ағынан жарылды ол.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық қызығушылық танытқан мемлекеттік органдарға жіберілетін нұсқаулықтар қабылданатын болады.