Ақмола облысында такси жүргізушісі есірткіге мас күйде ұсталды

/
Ақмола облысында такси жүргізушісі есірткіге мас күйде ұсталды
istockphoto

Ақмола облысында такси жүргізушісі есірткіге мас күйде ұсталды. Белгілі болғандай, ол үш жолаушымен бірге Қостанайға қарай бара жатқан, деп хабарлайды өңірлік ПД.

Ақмола облысының полицейлері Екатеринбург-Алматы тас жолының 1006 шақырымында Қостанайға қарай бет алған Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты.

"Рөлде тиісті рұқсат құжаттары жоқ, жеке тасымал қызметімен айналысушы 2002 жылғы ер адам болды. Одан бөлек салонда үш жолаушы болған, олардың екеуі жүргізушінің туыстары болса, тағы бірі Астанадан Қостанайға бара жатқан клиент екен. Одан 15 мың теңге ақы алған", - делінген полиция хабарламасында.

Тексеру кезінде патрульдік полиция инспекторлары жүргізушінің есірткіге мас екенін анықтады. Медициналық тексеру нәтижелері тыйым салынған заттарды қолдану фактісін растады, деп хабарлады ПД.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 608-бабы, 1-бөлімі, "Көлік құралын мас күйде басқару", 463-бабы, 1-бөлігі, "Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тіркеусіз немесе тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары