Маңғыстаулық 600 адам әскери борышын өтеуден қашып жүр

Маңғыстаулық 600 адам әскери борышын өтеуден қашып жүр

Маңғыстаулық 600 адам әскери борышын өтеуден қашып жүр
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында 600 адам Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр. Әскерге шақыру алғанымен, олар жергілікті әскери басқару органдарына мүлдем келмеген. Іздеу жарияланған азаматтарды табу үшін облыстық қорғаныс департаменті өкілдері мен мен полиция бірлескен шара өткізуде. Рейд барысында олардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жалпы қазір елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жүруде. Қыркүйектен бері Маңғыстау облысынан әскерге 700 бозбала шақырылса, соның 400-і еліміздің қарулы күштері қатарына жөнелтілген. Ата заңымызға сәйкес, әскерге шақыртылған 18 бен 27 жас аралығындағы кез келген азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. «Заңды орындамаған жағдайда алдымен әкімшілік, одан кейін қылмыстық жазаға тартылады», – дейді сала мамандары. «Қазіргі таңда мекенжайы бойынша шақыру қағаздарын апарамыз. Көбі есіктерін ашпайды. Әке-шешелері бізге өздерінің балалары жөнінде нақты ақпарат бермейді. Бір-екі рет ескертеміз. ҚР 561-заңына сәйкес 30 бап бар. Отызыншы бап бойынша азаматардың тізімін ішкі істер бөліміне береміз»,– деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Шынболат Ақмұратов.