Баспалдақтың да өз бағасы бар

Баспалдақтың да өз бағасы бар

Баспалдақтың да өз бағасы бар
ашық дереккөзі
Парижде Эйфель мұнарасы баспалдағының бір бөлігі саудаға шығарылды. Бұл туралы Artcurial аукцион үйінің сайтында хабарланды. Аукционға 1889 жылы жасалған, сол кездері мұнараның екінші және үшінші қабаттарын жалғап тұрған спираль тәрізді баспалдақтың бір бөлігі қойылған. Лоттың биіктігі – 4,3 метр, диаметрі – 1,73 метр, салмағы – 900 келі. Баспалдақтың бастапқы бағасы 40-50 мың еуро төңірегінде бағаланып отыр. Аукцион 27 қараша күні өтпек. Хабарларға қарағанда, Густав Эйфельдің төлтума винтті баспалдағы 1983 жылы демонтаждалған.