Курсанттар жүлделі оралды

Курсанттар жүлделі оралды

Курсанттар жүлделі оралды
ашық дереккөзі
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары «Жас ұлан» әскери әндер фестивалінен жүлделі оралды.       Астана қаласының ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен мерейтойлық ХХ республикалық «Жас ұлан – 2018» әскери әндер фестивалінің қорытындысы шығарылды. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары вокалдық орындау, фольклорлық-аспаптық жанр, хореографиялық композиция номинациялары бойынша сынға түсті. Мәдени демалу орталығының бастығы подполковник М.Махантаев және көркемдік жетекші Э.Қарсыбаеваның жетешілігімен фольклорлық-аспаптар үйірмесінің курсанттары жүлделі үшінші орынды иеленді.  width=  Еске сала кетсек ХIХ республикалық «Жас ұлан – 2017» әскери әндер фестивалінде институт шығармашылық ұжымының курсанты Д.Жакибай вокал жанрынан I-орынды иеленсе, фольклорлық-аспапшы курсанттарымыз III-орынды иеленген болатын ал вокалдық «Acapella» тобы көрермендердің көзайымына айналды. Дүбірлі дода «Жас ұлан – 2018» әскери әндер фестиваліне 400-ге жуық конкурсант қатысты. Олардың арасында барлық түрлер мен әскер тектерінің әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары мен тәрбиеленушілері, сондай-ақ мектептердің дарынды оқушылары, студенттер, республикамыздың барлық өңірлерінен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысты.