332
Павлодарлықтар 1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде тегін жүреді
Павлодарлықтар 1 желтоқсанда қоғамдық көліктерде тегін жүреді
Павлодар қаласында Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық әкімдікте айтты. Халықтық мереке мен жәрмеңке 30-қарашада басталады.
«1 желтоқсанда барлық азаматтар үшін қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Бұдан бөлек, бұл күні «Сарыарқа» шағын ауданында екі тұрғын үйдегі пәтерлердің кілттері табысталады», - делінген хабарламада.
Тұңғыш Президент күні кинотеатрлар мен сауда орындарында жеңілдіктер қарастырылған. Алаңдарда бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Тәуелсіздік күніне орай жаңа шағын ауданда тұрғындар қоныс тойын атап өтеді.