622
Толассыз жауыннан 11 адам қаза тапты
Толассыз жауыннан 11 адам қаза тапты
Иорданияда толассыз жауынның соңы тасқынға ұласты. Соңғы мәлімет бойынша, табиғаттың тосын мінезінен 11 адам қаза тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нөсер аптаның соңына дейін жалғасуы мүмкін екен. Жергілікті билік ойпатты жерде орналасқан ауыл тұрғындарын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге шақырды. Петра қаласында 3 мыңға жуық турист эвакуацияланды. Апатты аймақтағы мектептер мен университеттерде сабақ тоқтатылды.