296
АҚШ президенті мигранттарға пана беруді шектеді
АҚШ президенті мигранттарға пана беруді шектеді
АҚШ президенті Дональд Трамп мигранттарға пана беруді шектейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл құжат Орталық Америка елдері - Гватемала, Гондурас, Сальвадор азаматтарына қатысты. Қазанның ортасында бірнеше елдің жеті мыңға жуық азаматы бас сауғалап, АҚШ-тан пана болар деген үмітпен жолға шыққан еді. Бірақ Трамп «шекарадан өтсеңдер, қарумен күтіп алып, түрмеге қамаймын» деп сес көрсеткен. Мигранттар Мексикаға кіріп, АҚШ шекарасына таяғанда, Трамп шекараға 15 мың әскериді аттандырды. Гуманитарлық ұйымдардың дерегі бойынша, мигранттардың әрбір төртіншісі бала. Бұл көште кісі өлімі жиі болатын Гондурас азаматтарының үлесі басым.