Жастар саясаты - өзекті мәселе

Жастар саясаты - өзекті мәселе

Жастар саясаты - өзекті мәселе
ашық дереккөзі
2755
Жұмыспен қамту, гендер және қызметтік өсу – жастар мәселесін шешудегі басты мәселелер Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жастар саясатын ерекше атап өтті және келер жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Елбасы. Елімізде жастарға қатысты басты мәселелердің бірі – жұмыспен қамту мәселелері. Қолына диплом алған көпшілік республиканың шалғай өңірлеріне баруға тартынады, сөйтіп қалалы жерлерде қалуға тырысады. Бұл өз кезегінде білікті мамандардың қызмет көрсету саласына жұмысқа кіріп, нағыз маман тапшы өңірлерде дәрігер, IT мамандары, өндірістік мамандықтардың жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Осы орайда жастар саясатын қолға алып, түйінін тарқату үшін атқарылар шара көп. Алайда бұл өңірлерде жұмыс орны жоқ дегенді білдірмейді. Мәселен, бір сұрау салған бірнеше жас аймақтарда өзі қалаған қызметке тұрған. Мысалы, Олжас Филип Моррис компаниясының Атырау қаласындағы бөлімшесінде қызмет етеді. «Ірі қалалардан емес, аймақта жұмыс істеуге не итермеледі?» деген сауалымызға Атырау қаласындағы Сату жөніндегі аумақтық маман Олжас Мырзағалиев: «Ірі қалаларда ғана мақсатыңа қол жеткізуге болады деген жаңсақ пікір. Мұнда даму, мансап құру және ілгері жылжу үшін мол мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда заманауи сын-тегеуріндер мен өмір ағыны еңбек нарығына ерекше талаптар қояды. Қазақстандық жас мамандар жетістікке жету үшін бір орында отырмай, мобильді болуы тиіс. Қонысыңды ауыстырып, жаңа жерлерді көріп-білген сайын өрісің кеңейе түседі. Дүниеге, әртүрлі қиыншылықтарға деген көзқарасың өзгереді, өмірге жаңа қырынан қарайсың, бұл дамуыңа көмектеседі», - деді ол.  width= Ал осы компанияның Астана қаласындағы жеке кеңесші болып істейтін Жанна Мендагалиева жастардың жұмыс табуы ерік-жігеріне байланысты дейді: «Еңбек шыққан жерден – төзім де шығады»! Өз мақсатыма жету жолында үнемі шыдамдылық танытамын, оған апарар жол алыс болса да, міндетті түрде жетуге тырысамын, сондықтан осы ұран маған үнемі серпін беріп отырады. Жұмысымыздың 90%-ы кеңестен сыртта орындалады, жұмыс уақытының тек 10%-ын ғана кеңседе өткізетін шығармыз. Өзіме мұндай күн тәртібі аса ұнайды. Бұл өте қызықты әрі жұмыс күндері де бір-біріне ұқсамайды. Жастар өздері қалаған жұмысты іздеп табуына барлық мүмкіндік бар», - дейді. Қазақстандағы оң өзгерістер, соның ішінде әйелдердің экономикалық әлеуетінің артуы Бүкіләлемдік экономикалық форумда да өз бағасын алған екен. 2017 жылдың қорытындысы бойынша «экономикаға араласу және әйелдердің мүмкіндігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан 144 елдің арасында 30 орынға табан тіреген. Десе де гендер мәселесі елімізде қылаң беріп тұратыны жасырын емес. Айталық, жұмысқа көбінде ер адамдар таңдалады, ал әйел адамдар көбінде қызмет көрсету жағында қызмет етеді. Мамандықтар «әйелдердікі» және «ерлердікі» деп бөліне ме? Гендерлік теңдікті жақтаушылар мұны қажет емес деп есептейді. Қатаң еңбек жағдайларынан өткен адамдар мамандықтарды осылай бөлмегенімен де, нәзік жандыларға мейлінше жарамды мамандықтар бар деп пайымдайды. Ал біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз, «ең бастысы, жұмыстың өз көңіліңнен шыққаны, жұмыс берушінің жұмыскерлердің тұрақты дамуына көмектескені маңызды», - дейді. Кристина еліміздің оңтүстік өңірлерінде, ірі «Филип Моррис Қазақстан» компаниясында жұмыс істейді. Біздің бірнеше сұрағымызға жауап беру арқылы олар аса құштарлықпен баратын жұмыстың қандай болатындығы турасындағы құпияның шет-жағасын ашып берді. Кристина Алимбаева, Шымкент қаласындағы Сату жөніндегі аумақтық маман: - Бірінші қасиет – күйзеліске төзімділік. Менің жұмысым адамдармен байланысты, ал адамдар әртүрлі болғандықтан, олардың әрқайсысының жеке тілін таба білуің қажет. Кейде таңертеңнен көңіл-күйіңді түсіріп тастайтын кездер болады, бірақ та алдыда сені тұтас күн күтіп тұр. Осындайда күйзеліске төзімділік эмоцияға берілмей, жұмысыңды одан әрі жалғастыруыңа көмектеседі. Екіншісі – байланысқа бейімділік. Мұны дамытуға бола ма? Қандай да бір негізің болуы тиіс, ал жұмыс барысында қажетті қасиеттер іс жүзінде ұштала түседі. Сондай-ақ компанияда тренингтер өткізіледі, мұнда әртүрлі күрделі жағдайлар талқыланып, олардан қалай тиімді шығуға болатындығына қатысты ұсыныстар беріледі Ал жұмысқа қатысты инновациялар мен қызметтік өсу жағы қалай? Жас мамандарының еңбегі қалай бағаланады? Ақтау қаласындағы Сату жөніндегі аумақтық маман Нұрбол Баймұратов бұл сұраққа жауап берді.  width= «Бірінші кезекте, компания менің жақсы маман болып қалыптасуыма жағдай жасайды. Үнемі жаңа білім алып, жаңа дағдыларға ие боламын және бұл мен үшін өте құнды. Бұған дейін 4 жыл бойы құрылыс материалдарын сату саласында жұмыс істедім, бірақ осы уақытта мұнда небәрі 8 ай ішінде жинақтаған тәжірибе мен білімді ала алмадым. Осы компанияда мен кез келген қаладағы өз әріптестерімнің кез келгенінің көмегі мен кеңесіне жүгіне аламын, себебі біздің жұмысымызды арнайы портал, жеке электрондық кабинет және т.б. заманауи технологиялар жеңілдетуде. Осылардың арқасында мамандар өте жылдам дамып, өсе алады. Сондай-ақ мұнда болашақ мансапты құру, кейінгі реттік өсу мүмкіндіктері қарастырылғандығын айта кету керек. Компанияда оң өзгерістер орын алып, ол дамитын болса, мұнымен бірге мен де өсе аламын. Бүгінде компанияда денсаулыққа қауіптілік деңгейі төмендетілген, инновациялық, жоғары технологиялы өнім пайда болды. Біз ешкімді «темекі шегуіңді таста» деп мәжбүрлей алмағанымызбен, оларға темекі баламаларының артықшылықтары туралы ақпаратты түсіндіріп, жеткізе аламыз. Біздің қазіргі таңда құлшыныспен атқарып жатқан ісіміз де осы», - деді ол. Мирас Таңмағанбетов, Ақтөбе қаласындағы Сату жөніндегі аумақтық маман: "Иә, Ақтөбемізде халықтың саны артып келеді, қаланың көлемі де жылдам қарқынмен ұлғаюда, осыған байланысты жаңа жұмыс орындары ашылуда. Осы орайда сауда-саттық, B2B тікелей саудасы саласында бос лауазымдардың өте көп екендігін байқаудамын. Инженерлер мен өндіріс мамандарын алатын болсақ, олардың саны, керісінше, азаюда. Бірақ бұл менің субъективті бақылауым негізінде алынған мәліметтер ғана", - деді. «Жанам деген жүрекке от берсе егер...» Әлбетет, аяғына енді тұрған жастарға дем беріп, сәл сүйемелдеу әке-шешенің ғана емес, қоғамның да міндеті. Сондықтан елімізді жарқын болашаққа жетелейтін жастарға қолдау көрсету ой салатын іс.  

Серіктес жаңалықтары