Астанаға газ келмеді-ау...

Астанаға газ келмеді-ау...

Астанаға газ келмеді-ау...
ашық дереккөзі
Еліміздің өңірлерін газдандыру мә­селесі күн тәртібінде тұр. Алайда шалғайдағы елді мекендерді айтпағанда, еліміздің елордасы табиғи отынмен қашан қамтамасыз етіледі? Жақында Астанаға жол түскен. Экологиясы нашар деген Алматының ауасымен пара-пар. Аспан көк түтін. Бұл қала маңайында әлі де көмір жағатындардың көп екеніне дәлел. Сондай-ақ, көшедегі қаптаған ескі көлік те Астана қаласының экологиясын ластап жатқаны белгілі. Ресми деректерге сүйенсек, Президент тапсырмасы бойынша Қазақстанның бірқатар қалаларын газификациялау жұмысы 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана бағыты бойынша 1081 шақырымдық, 820 миллиметр диаметрлік құбыр тартылмақ. Оның құны 267 млрд теңгені құрайды. Ал екінші кезең 2020-2023 жылдары жоспар бойынша 48 миллиард теңгеге Бурабай арқылы Көкшетауға дейінгі 276 шақырымдық қашықтыққа диаметрі 630 миллиметр болатын құбыр қойылмақ. Үшінші кезеңде 2025 жылға дейін Петропавлға, одан кейінгі 2028-2031 жылдарға жоспарланған соңғы кезеңде Жезқазған мен Теміртауда екі ірі компрессорлы станса салынбақ. Бұл жылына үш миллиард текше метр газбен қамтуға мүмкіндік бермек. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 10 жылдан кейін шамамен 2,7 млн қазақстандық өз үйлерін газ отынымен жылытатын болады. «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ» ЖШС бас инженері Болат Дәулетовтің мәліметінше, қазіргі уақытта Астанаға дейінгі «Сарыарқа» газ құбыры магистралінің жобасы дайын. Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырынан басталатын магистраль Қызыл­орда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау арқылы Астанаға келіп, ары қарай Көкшетау мен Петропавлға жалғанады. «Тапсырыс берушілердің мәліметінше, қалаға газды екі жылдан кейін әкелу керек. Бірақ оған дейін Астана бұл өзгерісті қабылдауға қауқарлы болуы қажет. Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, Астанадағы газ тарту желісін салу жұмысы үш кезеңге бөлінген. Қазіргі уақытта газификация үдерісін жылдамдату үшін техникалық-экономикалық негіздемемен қатар біздің басқарма 9 кешеннен тұратын бірінші кезеңнің жобалық-сметалық құжатын әзірлеп жатыр. Бұл құжат осы жылдың төртінші тоқсанында аяқталуы керек. Ал келер жылы 114 шақырымды құрайтын бірінші кезеңнің 4 кешенінің құрылысы басталып, 2020 жылы аяқталады. Астананы газдандыру мәселесі 1-1,5 жылда шешімін табуы тиіс. Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай да өсе түседі. Бүгінде республикадағы газдандыру деңгейі шамамен 50 пайызды құрайды. Батыс пен оңтүстіктегі 9 облыс газбен қамтамасыз етілді. Орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз қалып отыр. Осыған байланысты мен Қызылорда облысындағы Қараөзек жерінен Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана арқылы бойынша магистралды газ құбырын салуымыз керек деп ойладым. Бұл 2 млн 700 мың адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, Арқаның экологиялық ахуалына жақсы әсер ететін болады.  

Гүлмайра Байбосынова

 Алматы облысы