Жастар жылы: Жақсы жаңалық күткен жұрт

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды.

Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді. Ал «Жастар жылы» не атқарылуы тиіс? Қандай түйткілге басымдық берген абзал?

Жастар жылы кейбір айтулы даталар сияқты ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Түрлі форумдар мен конференция, флешмоб мерекелерінің берері қаншалықты? «Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек, жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай?» деген сұрақтар бойынша терең зерттеу жүргізіп, оны саралап, нақты істелу керек жұмыстардың тізімін жасауымыз керек. Дәлірегінде, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілуі тиіс. Сондықтан да нақты ұсыныстар қабылданып, жастардың жан-жақты көмекке ие болуын қамтамасыз еткен жөн. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты іс-шаралар қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізуін қадағаласақ құба-құп. Бүгінде 35 жасқа дейінгі жастардың көбінің басында не баспанасы, не тұрақты жұмысы жоқ. Ауылдан қалаға жұмыс іздеп келген кейбір жастардың тауы шағылып, түрлі қылмыстық әрекеттерге бой алдырып жататыны да жасырын емес. Көшедегі ұрлық-қарлық, кісі тонау оқиғалары да ара-тұра жұмыссыз жастардың қолымен жасалуда. Олардың бос сенделіп жүрмеуі үшін мемлекет тиімді бағдарлама қабылдап, соның аясында жұмыс істеген абзал. Мәселен, жас мамандардың, жас отбасылардың баспаналы болуын тездететін тетіктерді қайта қарап, жеңілдік қарастырылса, артықтық етпейді. Себебі демографиялық ахуалға серпін беретін де – жастар. Жас отбасылар өз баспанасына ие болмайынша бала туу санын тежей беретіні айтпаса да түсінікті.

Бұл жөнінде жастардың пікірі қандай? «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілестің айтуынша, Елбасының жастарға деген қамқорлығы ерек. «Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету әрбір жас буынға серпіліс берді. Олардың білім алып, білікті маман атануына жағдай жасау мәселесі де сөз болды. Білімді ұрпақтың негізі – мектепте қаланады. Сондықтан барлық білім ұяларында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу бағдарламасын енгізу керектігі бекер айтылған жоқ. Сол кезде ғана жастар ғылымға бет бұрып, өзідігінен салалық ғылымды дамытуға қызығады», – дейді ол.

Ал «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амандық Нұржан болса, бұл жолдауда жастарға ерекше тоқталып, жастар саясатын дамытуға екпін түсіргеніне бек қуанышты. «Жастар мәселесі күн тәртібіне шыққаны дұрыс болды. Әсіресе, ауылды жердегі жастар екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүр. Егер осы жыл аясында арнайы бағдарлама қабылданса, сондай-ақ, ол негізінен жұмыспен қамтуға, баспаналы болуға жол ашса, қанекей? Демек, Елбасы бізге сенім артып отыр, ал біз осы үдеден шығуымыз керек», – деді ол.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастар көп. Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін. Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет.

Талантты, талапты жастар ауылда да жүр. Ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалуда. Елбасы мұны да қаперге салды. Ол ауыл жастарына кәсіп ашып, іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті. Қазір мемлекет ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаржыны еселеп құюда. Айталық, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, «Агроөнеркәсіпті дамыту» бағдарламасы бойынша жастар үшін арнайы пункт енгізілсе деген ұсыныс бар. Мәселен, ауылшаруашылығы саласының жандануына атсалысып жатқан жастар жетерлік. Олар жалға жер алып, жұмыс істейін десе түрлі кедергіге тап болады. Мұны жеңілдетіп, салықтық үстемелерден босату жағын тиісті министрліктер мен жауапты әкімдіктер ескерсе жөн. Ниет бар, бірақ қолдау аз.

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Мәселен, жастардың өзі бәзбір ұйымдардың қолшоқпарына айналудан сақ болғаны жөн. Әсіресе, кейбір ұлттық мәселеге келгенде салмақты пікір, ұтымды ой білдіріп, өзіндік менін жоғалтпағаны абзал. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде жергілікті әкімдіктер мерекелер кезінде жастарды тек флэшмоб сынды көңіл көтеретін ойын-сауықтық мерекелерге ғана пайдаланып жүр.

Елбасының «бес бастамасы» аясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жайы көтерілген болатын. Осы бастаманың нәтижесінде Алматы, Астана, Атырау, т.б. ірі қалаларда студенттік жатақханалар бой көтеріп, алғашқылары пайдалануға берілді. Алайда бұл студенттік баспанаға мұқтаж 101 мыңнан аса студенттің мәселесін шеше ала ма? Ал пәтерден пәтер жалдап жүрген 24 мың алматылық және 17 мың астаналық студенттің мұңын кім тыңдайды? Осы іске жауапты Бақытжан Жұмағұлов алдағы уақытта студент жастардың жатақханаға мұқтаж болмайтынын жеткізген-ді. Себебі жыл сайын жаңа оқу жылы кезінде шарқ ұрып, жатақхана іздеп кететін жастар көп. Шәкіртақысы баспана жалдап тұруға жетпесе де, бірлесіп күнелтіп тұруға мәжбүр болып келді. Осы мәселені ескерген Елбасы 2020 жылға дейін 75 мың орын болатын жатақхана салуға тапсырма берген еді. Әрине, бұл мәселені 4 жылда шешу оңай емес. Бірақ білім және ғылым министрлігі берген мәліметте биыл 140 мыңдай түлек мектеп тәмамдаған. Одан бөлек 9 сыныпты бітіріп, арнайы колледждерге түскен студенттер бар. Ал қалаға ауылдан келіп, білім алатын жастар саны – 41 пайыз.

Сондай-ақ, соңғы жылдары жастар арасына ауыз сала бастаған түрлі дерт көп. Оған шалдықпас үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға ден қойылса. Бұқаралық спортты дамыту үшін спорт нысандарын тегін, тіпті, болмаса қолжетімді бағамен пайдалануға беру мәселесін қолға алған жөн. Қазір өткізіліп жатқан спорттық шаралар аз емес. Елімізде қысқы Азиада, Универсиада ойындары өз деңгейінде өтті. Оларға арналып арнайы спорт нысандары бой көтерді. Міне, соларды халықтың игілігіне беру керек. Онсыз балалардың, жасөспірімдердің, жастардың спортқа көңіл бөліп, тұрақты айналысуы құрғақ сөз болмақ.

Тағы бір мәселе – жас мамандарға шалғайдағы елді мекендерде жұмыс істеу үшін тиісті жағдай жасау. Жыл сайын қаншама маман оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алады. Алайда солардың ішінде ауылын, туған жерін көркейтуге, өсіруге үлес қосатындары сирек. Сондай жастың бірі «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып, ауыл мектебінде жемісті еңбек етіп жүрген Абзал Ескендірдің ісіне сүйсінбеген адам кемде-кем. Жапонияның Осака қаласында ядролық физика мамандығы бойынша магистрлік білім алған ол ауыл мектебін, ауыл балаларын ғылымға баулуға күш салуда. Бүгінде «Жыл мұғалімі» атағына ие болған жас ұстаз: «Оқушының әрбір жетістігін көріп, ұстаздық салада бекер жүрмегенімді сезінемін. Себебі бала – таза бұлақ. Бұлақтың көзін ашу – бізге жүктелген міндет. Баланың бәрі талантты, білім алуға құштар. Алайда олармен жұмыс істеп, білім мен ғылымға деген қызығушылығын ашып, арттыру керек. Құдайға шүкір, қазір оқушыларым түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болуда. Мұның өзі ұстаз үшін абырой» екенін айтады.

Міне, дәл Абзал сияқты жастар әр өңірге, әр ауданға, әр ауылға қажет. «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімін жетілдіріп, тіл меңгерген талай жас қалаға, ақшасы көп жұмысқа орналасады. Тіпті, кейбірінде «ауылымды дамытуға септігім тисе екен» деген ой болмауы да мүмкін. Алайда «Елдің болашағы – жастар» десек, Жастар жылы аясында Абзал сияқты жас мамандарды ел алдында дәріптеуден тайсалмау керек.

Сонымен, Жастар жылына бөлінген қаржы ырду-дырду көңіл көтеретін дүниеге емес, нақты іс-шараларға бағытталуы қажет. Ол үшін атқарылатын мәселелер тізбегі жасалса құба-құп. Екіншіден, жастардың әлеуметтік мәселесін шешуді көздеу керек. Қазір отбасы арасындағы кикілжің де, ажырасу дерегінің көбейіп кетуі де жас отбасылардың жылдап пәтер жалдауынан туындайды. Мамандар жастар арасында отбасыны сақтап қалуға байланысты жиі әңгіме өрбітуді құп көреді. Бәлкім, ажырасудың алдын алу үшін медиациялық орталықтардың жұмысын ізгілендіру керек болар. Медиация институты несие үшін ажырасып жатқан жастардың мәселесін шешудің жолын ұсынса, төменгі пайызбен несие алып, алдыңғы несиені жабатындай жолдарын қарастырса, жас отбасыларға психологиялық көмек беруді ұйымдастырса абзал болар. Мұндай көмек беретін орталықтарды қаржыландыру мәселесі де шешілуі тиіс. Жастар үшін ең басты түйткіл – білім алу және жұмыспен қамтылу, одан кейін баспаналы болу. Егер осы үш мәселе шешімін тапса, жас маман тиянақты, сапалы жұмыс істей алады.

Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай!

P.S. 5 қарашада Ресейдің Свердлов облысы жастар саясаты аймақтық департаментінің жетекшісі, олимпиада чемпионы Ольга Глацких студенттер мен оқушылармен өткен кездесуде: «Қазір кейінгі буын, жастар жағы мемлекет олар үшін бәрін жасауы тиіс деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Сіздерді мемлекет емес, өмірге әкелген ата-анаң қамтамасыз етуі тиіс. Себебі мемлекет оларға бала ту деген жоқ. Бәрі өз құқығын біледі, бірақ міндеттеріне келгенде ұмытып қалады…» деп алып Ресейді аямай шулатты. Ол іле-шала қызметінен қуылды. Кез келген өркениетті мемлекет өз жастарының алдында қашаннан қарыздар. Өйткені барша мемлекеттің болашағы – бүгінгі жастардың қолында. Бірақ бір өкініштісі, Ольга Глацких секілді ойлайтын керітартпа жандар Қазақстанда аз ба?!

Редакция таңдауы

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...
karashukeev e.sh

Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады...
2021041209273069080 dangut

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы...
shutterstock 1141606745

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса...

Жаңалықтар

Бес өңірде өзендер арнасынан тасуы мүмкін – Қазгидромет

12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзендердің суы арнасынан көтерілуі мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. «12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды...

13 сәуір: ел тарихында таңбаланған атаулы күндер

1944 жылы 13 сәуірде тәуелсіз Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының негізі – Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариаты құрылды. 2010 жылы 13 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, – деп хабарлады Ақорда. «Қадірлі отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл –...

Вакцинация: Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, «ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі...

Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Орталық Азия мүфтилері кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйене...

Еліміздің әр аймағының Ораза кестесі

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы биылғы Ораза кестесін жариялады. Назарларыңызға 2021 жылғы Қазақстан елдімекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз. Еске сала кетейік, биыл Рамазан...

Айта алмағанымды жазып шықтым. Жұлдыз Әбдікәрімова «Сезін» атты кітабының тұсаукесері өтетінін айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан бірнеше ай бұрын оқырмандарымен ақылдаса отырып, алдағы шығатын кітабының атауын "Сезін" деп қойған болатын. "Мен бұл оқиғаны ешқашан айтпаймын, айта да алмаймын...

Өскеменде шыны жууға арналған сұйықтықтан улы зат табылды

Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы қала дүкендерінің бірі құрамында улы зат - метанол бар шыны жуатын сұйықтықтың жалған өнімін лицензиясыз сатқанын мәлімдеді, деп...

Үздік 50 ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы тағайындалмақ

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес...

Ербол Қарашөкеев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ербол Қарашөкеев ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz. Ербол Қарашөкеев еңбек жолын 1998 жылы Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер...

Өрттен зардап шеккен азаматқа көмек көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалына өрттен зардап шеккен Еркін ауылының тұрғыны көмек сұрап жүгінді. Мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші...

Нұр-Сұлтандық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті

Нұр-Сұлтан қаласының 16 жастағы оқушысы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 10-сынып оқушысы. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеумен айналысып жүр, өзі...

Рахым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшылығына тағайындалды

Рақым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге...

Мемлекет басшысы ғылым саласындағы қызметкерлерді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. "Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған...

Елімізде бір жыл ішінде кедей адамдардың үлесі 20%-ға артқан

Елімізде азық-түлік себетіне қаражаты жетпейтін отбасылар саны 50%-ға өсіп, 28 мың адамға жеткен. Соған қарамастан байлардың саны да артқан. Еліміз ауқаттылардың санының өсуі бойынша...

11 адам қамауға алынды: Киік мүйізін сатқандар ұсталып жатыр

Қазақстанның үш өңірінде киік мүйізін саудалаған браконьерлер мен алыпсатарлар ұсталды. Ауқымды шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тексеріс жүргізіліп, заң бұзған 11...

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті

Алматылық әйел екі жасар қызымен бірге жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ақпарат Facebook-те тарады. Олар 9 сәуір күні 15:00-де азық-түлік алу үшін үйден шығып,...

Батыста баспана сатып алғандар көбейген

Елімізде наурыз айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 673 келісім жасалған екен. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 28,2 пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының...

Филипп ханзадаға ескерткіш қойылмақ

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жары ханзада Филиппке Лондон қаласының Мэлл көшесінде ескерткіш қойылады. Алдын ала келтірілген деректер бойынша, ескерткіш үшін жұмсалатын шығынның бір бөлігі қайырымдылық...

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы қамауға алынды

Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. 63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен...

Бұршақ аралас жаңбыр: 13 сәуірдегі ауа райына болжам

Синоптиктер 13 сәуірдегі ауа райына болжам ұсынды. Еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын...

ІІМ заңсыз сақталған қару-жарақтарды ақшалай сыйақыға қабылдауды бастады

Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, қарудың әр данасы...

Отандық ғалымдар вирусқа қарсы қорғаныс экранын жасады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінің жас мамандары Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірге бетке арналған ALFASHIELD қорғаныс экранын әзірлеп шығарды. Пандемия басталған кезде көптеген...

Толстой мен Прюдом. Бап шаба ма, бақ шаба ма?

Редакциядан: Амангелді Кеңшілікұлының аты-жөні әдебиет сыншысы ретінде қалың оқырманға кеңінен таныс. Сөз өнерінің ең нәзік, ең күрделі саласы әдеби сын бойынша қалам тербеп келе...

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Ростислав Анатольевич Коняшкин тағайындалды. Ростислав Коняшкин 1989 жылы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В....

Карантин: Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай айтты. «Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады....

Былтыр басы дауға қалған полицей жаңа басшылық қызметке тағайындалды

2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл ақпаратты Алматы...

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың коронавирус жұқтырғандардың саны күннен-күнге көбеймесе, азаймай отырғанын айтты.  Қазақстан 12 күннен бері «қызыл» аймақта, оның ішінде 8 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы...

Үкімет басшысы 2 облыс әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс берді

Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жетекшілік ететін экономика салаларында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыс жалғасын табуы керегін айтты. «Биылғы жылғы қаңтар-наурыз қорытындылары...

«Nur Otan» партиясы вакциналарды аймақтарға бөлу мәселесін бақылауына алады

Тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе салу және вакциналарды аймақтарға бөлу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынады. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды....

Жұмыс орнында ішімдік ішкен судьялар қызметінен босады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, судьялардың әлеуметтік жағдайы жақсарса да, жемқорлық дерегі азаймай отыр. Бұл туралы zakon.kz жазды. Биыл...

Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді – Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілгенін айтты. «1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген...

Солтүстік Корея Токио Олимпиадасына қатыса ма?

Солтүстік Кореяелі бұған дейін 2 рет Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған. 1984 жылы Лос-Анжелесте өткен Олимпиадаға Кеңес одағының талабы бойынша қатысудан баст тартқан. Ауғанстанға Кеңес...

Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әл–Сауд 1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. 1985 жылы «Дискаверидің» СТС-51Г миссиясын орындау...

Өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398 Алматы қаласы - 610 Шымкент қаласы - 53 ...

Елорда әкімдігі бірқатар құрылыс компаниясының жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мобильдік топтары күн сайын құрылыс компанияларының балшықты, топырақты, құрылыс қоқысын және т.б. шығаруын бақылау бойынша жұмыс жүргізуде. Мобильді топтардың құрамына Қалалық орта сапасы...

Биыл докторантураға түсу ережелері өзгерді – БҒМ

Білім және ғылым министрлігі Telegram каналында биылдан бастап докторантураға қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетінін хабарлады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады, докторантурада оқуға дайындығын растау...

12 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1961 жылы 12 сәуірде ұшқыш-ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток-1» ғарыш аппаратымен әуеге көтерілді. Қызылорда облысы аумағындағы №5 полигоннан күндізгі сағат...

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

12 сәуір республиканың басым бөлігіне жоғарғы қысым аумағы ықпал етуіне байланысты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей...

Араб әйелі ғарышқа аттанады

Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл-Мактум ғарышқа аттанатын алғашқы араб әйелінің есімін атады. Ол Нура Әл-Матруши. Бұл туралы baq.kz мәлімдеді. Нура Әл-Матруши...

Марста кемпірқосақ пайда болды

Марста түсірілген фотода ғажайып табиғи құбылыс байқалды. Америкалық Perseverance аппаратына түскен фотода кемпірқосаққа ұқсас белгі көрінеді. Аталған қызықты сурет ғарышқа қызығушыларды толғандырып қойды. Оларды жаңбыр...

Білім және ғылым министрлігі докторантураға түсу ережелері өзгергенін хабарлады

ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Докторантура бөліміне қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетін болады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады,...

Еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын ұтып алды

Алматыда күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Юсуп Батырмұрзаев алтын жүлдені иеленіп, сонымен қатар олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 125 келіге...

Бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп кетті

Францияда аяз салдарынан бау-бақша мен жүзімдіктер үсіп қалды. Француз шарапшылары аязды түндер елдің ең танымал және беделді шарап аймақтарында егіннің едәуір бөлігіне қауіп төндіріп тұрғанын...

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Із-түссіз жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов тікұшақпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "10 сәуір күні сағат 3:00-де Нұра ауданында адам жоғалғаны туралы хабарлама келіп...

Иманбектің шетел жұлдыздарымен бірлесіп жазған жаңа әні шықты

"Грэмми" сыйлығының лауреаты диджей Иманбек Зейкенов жанкүйерлеріне Шон Пол (Sean Paul) және София Рейеспен бірлесе жазған жаңа туындыны ұсынды. Ол  жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында...

Clubhouse-тың 1,3 миллион пайдаланушысының деректері ашық дереккөздерде тарап кетті

Clubhouse әлеуметтік желісінің 1,3 миллион пайдаланушысының жеке деректері тарап кетті, деп хабарлайды Cybernews бейінді порталы. Бұған дейін Facebook-тің 533 миллион пайдаланушысының жеке деректері мен телефондары...

Солтүстік Кореяда қашықтан оқытуды дұрыс ұйымдастыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея билігі қашықтан оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша комиссия төрағасын органның жұмысын дұрыс атқармағаны үшін өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды РИА Новости.  Daily...

Елімізде өткен тәулікте 2842 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 2842 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 591, Алматы қаласы - 709, Шымкент қаласы - 88, Ақмола облысы - 103, Ақтөбе...

Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен «Керуен-сарай» ашылды

Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі. Инвестициялық жобаны "Turkistan Tourism City" компаниясы іске асырды....

Швейцариядағы турнирде қазақстандық тенисші чемпион атанды

Қазақстандық тенисші Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстандық-грузиялық жұп жүлде...

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығына байланысты халықаралық турнирден шығып қалды

Гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернет байланысындағы ақауларға байланысты Polgar Challenge халықаралық турнирінен шығып қалды. Бұл туралы шахматшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығына байланысты...

ШҚО-дағы 12 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр

Шығыс Қазақстанның Новопокровка ауылында 10 тұрғын үйдің ауласын су басып, 36 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аумақта 40-қа жуық құтқарушы мен семейлік әскери...

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Биыл 9 сәуірде киік мүйізінің...

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай түрде сөз саптайсың ғой. Бірақ партия лидері бола тұра және бір елдің...

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын...

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді,...

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников...

Еліміздегі 10 миллион гектар орман алқабы жайылымға берілмек

Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Жиын...

Журналистиканың ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойы аталып өтті

Оңтүстік өңірдің ардақты журналисі Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойын атап өту шаралалары Түркістанда бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек...

Көктемде иммунитетті жақсартатын 5 дәрумен

Гиповитаминоз - адам ағзасына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Көбінесе гиповитаминоз қыста және көктемнің басында, жаңа піскен көкөністерді, жемістерді тұтынбағаннан, күн сәулесінен келетін дәрумендер азайған кезде...

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар...

Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбур герцогі Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды akorda.kz Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II...

Ingenuity тікұшағы 11 сәуір күні Марста алғашқы рейсін жасайды

Ingenuity тікұшағы 11 сәуірде Марста алғашқы рейс жасайды. Бұл туралы ToDay News Ufa РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Бастапқыда ұшу 8 сәуірге жоспарланған болатын, ұшу...

Қабдеш Жұмаділовтің телеарнаға берген соңғы сұхбаты (видео)

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады. Жазушының...

«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасына Түркия қолдау көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады. Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы...

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас...

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады: кинотеатр, боулинг,...

Елімізде өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 548, Алматы қаласы - 715, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 99, Ақтөбе...

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері вакциналарды араластырып салдырмауға кеңес берді. Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші...

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді,...

Президент: Сапасыз жолдарды жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Еліміздегі республикалық және жергілікті...

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың...

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы ресми түрде мәлімдеді. Ол патшайым Елизаветамен 74 жыл отасқан. Олардың төрт баласы...

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық...

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті....

Солтүстік Корея «Қиын жорық» жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге үстемақы қосылатыны рас па — министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық зейнеткерлер мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы алатыны туралы жалған хабарлама таратуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты. «Медициналық мекемелер мен емханалардан...

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туындысы − ақпараттық технологияның дамуы ғылым-білім...

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ...

Соңғы көш Кеңсайдан емес, кең даладан дамыл тапты…

Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны...

Атырауда бала ұрған тәрбиеші 4 жылға сотталды

Атыраудағы №2 қалалық сот сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 "Алтын балық" мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Педагог...

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес...

Америкалық отбасы Моңғолияда қазақ тілін үйретіп жүр

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа...

СҚО «сары» аймақта: Өңірде карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады. СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше,...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті. 1999...

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында энциклопедия тұсаукесері өтті

8 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» басылымының тұсаукесері болып өтті. Руханият қоржынымыз тағы...

Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан...

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап...

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагчаа мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын....

Қол ұстасып көш бастаған

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесіне  қадам басып отырмыз. Бұл жылдарда  елі­міз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей  бас­шы­лығымен бұрын-соңды болмаған мол табыстарға жетті....

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді...

Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы емханалардан басқа нысандарда ашылған екпе салу орындарының 9 сәуірдегі жаңартылған тізімін ұсынды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе...