Ғарышқа бет алған Пәкістан

Ғарышқа бет алған Пәкістан

Ғарышқа бет алған Пәкістан
ашық дереккөзі
303
Жуырда «Times of India» газеті Пәкістан мен Қытай арасында ынтымақтастық орнап жатқанын жазды. Басылымның мәліметінше, 2020 жылы Пәкістан Қытайдың көмегімен орбитаға өзінің алғашқы ғарышкерін жіберуі мүмкін. Тараптар арасында келіссөздер өтіп, бірқатар жоспарлар жария етілген. Пәкістанның ақпарат министрі Фавад Чоудхри Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның ҚХР-ға жасайтын сапары алдында осылай мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, Пәкістан ақпарат министрі Қытай мен Пәкістан арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Алайда 2022 жылы Үндістан да орбитаға өздігінен басқарылатын ғарыш кемесін алғаш жіберетінін хабарлаған-ды. Осылайша, «Исламабад ғарыш саласында Нью-Делидің алдын орамақшы», ‒ деп болжам жасауда Үндістан БАҚ өкілдері.

Серіктес жаңалықтары