Асқар бел және журналистика

Асқар бел және журналистика

Асқар бел және журналистика
ашық дереккөзі
358
Жуырда ҚазҰУ-да белгілі өнер зерттеуші ғалым, ұстаз, ақын-сазгер Сағатбек Медеубекұлының 60 жас мерейтойына арналған «Заман сөздегі ғылыми стиль және журналистік таным мен талғам» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басқосуда белгілі қаламгерлер қазіргі ақпарат кеңістігінің тыныс-тіршілігі мен жаңа медианың мүмкіндіктерін талқылады. Журналистік білім берудің ерекшеліктері мен мерейтой иесінің осы салаға сіңірген еңбектері жайлы сөз қозғады. Ал университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Сағатбек Медеубекұлын әл-Фараби атындағы күміс медальмен марапаттап, ұлағатты ұстаздың жас журналистерді дайындау ісіне сәттілік тіледі. Шарада жазушылар, ғалымдар, шәкірттер мен елімізге танымал тұлғалар сан қырлы естеліктермен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды. Ақын Нұрлан Оразалин БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, мерейтой иесінің журналистика саласына сіңірген еңбегімен қатар, шәкірт тәрбиелеп жүргенін ерекше атап өтті. Ұстаздық жолда да сый-құрметке бөленген Сағатбек Медеубекүлына зор денсаулық тіледі. ҚазҰУ-да басталған той «Алатау» дәстүрлі өнер театрында жалғасын тапты. «Алатауым» деп жырлаған Сағатбек Медеубекұлының ақындық қыры бір бөлек әңгіме. Кеште ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, Алатауды ерекше күйге бөледі. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы академиялық халық оркестрі, К.Байсейітова атындағы мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернатының хор ансамблі, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы мен "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі қазақтың қоңыр үнді, ерекше сазды күйі мен әндерінен шашу шашты. Кешке әдебиет, өнер, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген зиялы қауым өкілдері арнайы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.  

Серіктес жаңалықтары