371
Алматыда 80 мың адам диктант жазады
Алматыда 80 мың адам диктант жазады
14 қараша күні өтетін жалпыхалықтық диктантқа ең кемі 80 мың алматылық қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Диктант латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиінің негізінде жазылады. Бұл туралы қалалық тілдерді дамыту басқармасының мамандары «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары мен емле ережелерін көпшілік талқылау» атты жиында айтты. Аталған іс-шара мектеп, колледж, университеттерде және этно-бірлестік кеңселерінде өтеді. Негізгі мақсат жаңа әліпбиге байланысты азаматтардың ой-пікірін білу. Жаңа әліпбидің емле ережелерінің жобасын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары жасаған. Жұмыс барысында кирилл таңбасындағы қазақ әліпбиінің емле қағидалары басшылыққа алынған. Бірақ жаңа әліпбиде э, ю, я дыбыстары мен жіңішкелік және жуандық белгілерінің болмауына байланысты емле ережелеріне де жаңалықтар енгізіліп отыр.
«Мысалы «ансамбль» деген сөзді «әнсәмбіл» деп айтып жіңішкелік белгісін жазудың орнына оны жіңішкертіп айту мәселесі бүгінгі емледе нақты қолға алынып отыр», – деді филология ғылымының докторы, профессор Анар Салқынбай.