ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ  МӘҢГІЛІК САРЫНЫ

ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ  МӘҢГІЛІК САРЫНЫ

ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ  МӘҢГІЛІК САРЫНЫ
ашық дереккөзі
Қазақ музыкасы әлемнің қай түкпірінде орындалса да өзіндік бағасын алып жатады. Жамбыл атындағы Қазақ филармониялық камералық оркестрі де Ұлыбритания мен Ирландияның кейбір қалаларындағы бір апталық турнесін сәтті аяқтады. Дублин, Манчестер және Лондондағы концерттер турненің нүктесін қойды. Қазақстан Сыртқы Істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша, шетелдік музыка майталмандары мен өнерсүйер қауым қазақ музыкасының әуезді үні мен ырғақты дыбысын ерекше ықыласпен қабылдаған. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов қазақстандық мәдениетті шетелде таныту ісіне қосқан үлесі үшін оркестр мүшелеріне алғыс білдірді. Классикалық музыканы бағалай білетін меймандар, оның ішінде аңызға айналған қазақ композиторларының туындыларын бірінші рет тыңдағандар, қазақстандық музыканттар мен классикалық қазақ шығармаларының ерекше дыбысын бағалады. Концерттерге қатысқан британдық саяси, экономикалық және мәдени орталардың жоғары өкілдері және дипломатиялық корпустың мүшелері классикалық қазақ музыкасына және оркестрдің шығармашылығына шынайы қызығушылық танытты. Лондондағы концертке Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстандағы Сауда өкілі баронесса Эмма Николсон, Лордтар палатасының мүшесі, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі көппартиялық топ төрағасының орынбасары лорд Мохамед Шейх, жетекші мемлекеттердің елшілері, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің, бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысты. Танымал канадалық скрипкашы Лара Сент-Джон және қазақстандық кларнетист Бектұрған Жоламан турненің солистері болса, қазақстандық атақты дирижер Ерболат Ахмедьяров оркестрге жетекшілік етті.