Маңғыстауда 2 жел электр стансасы салынып жатыр

Маңғыстауда 2 жел электр стансасы салынып жатыр

Маңғыстауда 2 жел электр стансасы салынып жатыр
ашық дереккөзі
356
Түпқарағанда қуаты 42 мВт болатын жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі ауданға іс-сапары аясында жұмыс қарқынын көріп, құрылыс барысымен танысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауданда биіктігі 95 метр болатын 17 жел диірмені салынады. Әрқайсысының қуаты - сағатына 160 млн кВт. Бұл облысты электр қуатымен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Жел электр стансасы баламалы энергия көздерін өндіруде теңдесі жоқ жоба болмақ. «Жоба құны - 47 млн АҚШ доллары. Республикалық бюджеттен бір тиын да алмадық. Барлығын түгел инвесторлар жүзеге асырады. Біз осыған дейін Қытайдың бірқатар аймақтарында ірі жел электр стансаларын салдық. Тәжірибеміз мол»,-дейді мердігер компания өкілі. Станса келесі жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылысқа жергілікті жерден 100 шақты адам тартылмақ. Облыс әкімі тиісті жұмыстардың уақытылы аяқталуын қадағалайтынын айтты. Сондай-ақ, осы ауданда тағы бір жел электр стансасы тұрғызылуда. Қазір құрылыстың 50 пайызы аяқталған. 24 жел диірмені 43,6 МВт энергия өндіреді. Инженерлер аймақ басшысына құрылыс маусым айында толық бітетінін айтты. Жоба құны - 4 млрд теңге. Бұл нысан да инвесторлар қаражаты есебінен салынып жатыр.

Серіктес жаңалықтары