ЛОНДОН: «МАҢМАҢГЕР» МУЗЫКАЛЫҚ АЛЬБОМЫ

ЛОНДОН: «МАҢМАҢГЕР» МУЗЫКАЛЫҚ АЛЬБОМЫ

ЛОНДОН: «МАҢМАҢГЕР» МУЗЫКАЛЫҚ АЛЬБОМЫ
ашық дереккөзі
Қазақтың ұлттық ән-күй, терме өнері соңғы жылдары елімізден тысқары жерлерге жиі таныстырыла бастады. Соның бірі – өткен аптада Лондон қаласында өткен іс-шара. Онда қазақ халқының әндері мен терме-толғаулары енген альбом Лондон халқының назарына ұсынылып, ұлттық өнеріміз насихатталды. 38 музыкалық туындыдан тұратын «Маңмаңгер» атты музыкалық альбомға енген Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаның, Абай Құнанбайұлының әндері, сол сияқты Шал Күлеке­ұлы мен Дулат Бабатайұлының туындыларын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ерлан Рысқали орындаған. Сондай-ақ, аталған альбомға кейінгі буын ақын-композиторлардың және орындаушы Ерлан Рысқалидың да авторлық туындылары енгізілген. Тұсаукесерге келген лондондық қарапайым тыңдарманнан бастап, музыка саласының білгір сарапшыларына дейін Ерлан Рысқалидың өнерін жоғары бағалады. Қазақ әншісінің бір дыбыстан екінші дыбысқа оңай ауысып, еркін ән айту мәнерін италиялық бельканто техникасына ұқсатқан музыка мамандары Е.Рысқалидың шеберлігіне тәнті болды. Arc Line Productions Limited компаниясының директоры Лиам Тилинг, Кембридж университеті музыка факультетінің профессоры Разия Сұлтанова секілді музыка мамандары қазақ әншісі еурпалықтардың өзге мәдениетке деген қызығушылығын оятуын оның талант ерекшелігіне балады.